Хакан Фидан Иордания сапары жайлы мәлімдеме жасады

Хакан Фидан «Түрлі саладағы ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтуға ортақ ерік-жігеріміз бар» деді.

2090645
Хакан Фидан Иордания сапары жайлы мәлімдеме жасады

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Иерусалимдегі қасиетті жерлерді қорғаушы Иорданиямен ынтымақтастық жасауға мән беретіндерін білдірді.

Хакан Фидан «Түрлі саладағы ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтуға ортақ ерік-жігеріміз бар» деді.

Хакан Фидан кеше Иорданияға сапары туралы «X» әлеуметтік медиа платформасында мәлімдеме жасады.

Фидан Иорданияның астанасы Амманда король король Абдулла тарапынан қабылданғанын, ханзада Хасан Бин Талал және Иордания Премьер-министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі Айман әл-Сафедимен кездесулер өткізгенін білдірді.

Тұрақты құрылымымен Таяу Шығыстың геосаясатында маңызды рөл атқаратын және Иерусалимдегі киелі жерлерді қорғаушы Иорданиямен ынтымақтастық жасауға мән беретіндерін түсіндірген  Фидан: «Түрлі саладағы ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтуға ортақ ерік-жігеріміз бар» деді.

Фидан Газадағы қырғынды тоқтату және палестиналықтардың  егемендік алуы және қауіпсіздік ортаға жетуі  үшін иорданиялық әріптестерімен бірге дипломатиялық бастамаларын жалғастырғандарын баяндады.

 «Сыртқы істер министрі Хакан Фидан жылы қарсы алғаны үшін Иорданияға алғыс айтты.



Ұқсас жаңалықтар