Түркияның тұңғыш ғарышкерін ұшыру 1 күн кейінге шегерілді

Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Каджыр мәлімдеме жасады.

2090139
Түркияның тұңғыш ғарышкерін ұшыру 1 күн кейінге шегерілді

Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Каджыр Түркияның тұңғыш ғарышкері Алпер Гезеравжы да мүше болған «Ax-3 миссиясы» ғарыш сапарының 19 қаңтар күніне шегерілгенін мәлімдеді.

Министр Каджыр «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан жасаған хабарламасында Түркияның тұңғыш ғарыш сапарының 1 күн кейінге шегерілгенін білдірді.

Министр Каджыр «Тұңғыш ғарышкеріміз Алпер Гезеравжының ғарышқа сапары кейінге қалдырылды. Жоспарланған жаңа ұшыру уақыты 2024 жылдың 19 қаңтар күні, Түркия уақытымен сағат 00.49. Ұшу уақытына дейін техникалық тексерулердің аяқталуы жоспарлануда. Ғарышкеріміз Гезеравжының бұл тарихи миссияны сәтті орындауына тілектеспіз» деді.

«SpaceX» компаниясының «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан жасалған хабарламада Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) бүгін (17.01.2024) жүзеге асырылуы жоспарланған «Ax-3 миссиясының» АҚШ-тың жергілікті уақытымен 18 қаңтар күні ұшырылатыны хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар