"Түркияға тізе бүктіре алмайды"

Президент Ердоған "Ешқашан кері қадам баспаймыз" деді.

2090509
"Түркияға тізе бүктіре алмайды"

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның қоқан-лоқы және қитұрқы ойындармен тізе бүкпейтін ел екенін баршаның біліп жүретінін айтты.

Президент Ердоған Анкарада Әділет және даму партиясының жергілікті сайлаудағы кандидаттарын таныстырды.

Ердоған осында сөйлеген сөзінде көп уақыттан бері хаос шығарып, терроризмді қоздырып, төңкеріс жасауға талпынып, экономикалық тұзақ құру арқылы Түркияға тізе бүктіргісі келгендерге үн қатты.

Терроризммен күрес тақырыбында Түркияның ешқашан кері қадам баспайтынын атап көрсеткен президент былай деді: «Террор ұйымдарының атын өзгертіп,  мүшелерін әскери дайындықтан өткізіп,  сепаратистік ұйымға шекарамызда «террорстан» құрып бергісі келді.  Шекарадан тыс операцияларымыз арқылы осы жоспарларын бұзғанымыз үшін бізге құнын төлеткісі келеді. Біз еліміздің  мүддесінен  және ұлтымыздың мақсатынан бас тартпайтынымызды көрсеткен сайын саяси, дипломатиялық, экономикалық,  әскери жағынан кедергі келтіруге тырысуда. Осылайша бізді қорқытамыз, тізек бүктіреміз деп ойлайды. Ешқашан кері қадам баспаймыз. Бізді жолымыздан тайдыра алмайды»



Ұқсас жаңалықтар