Соңғы операциялар арқылы 114 террорист залалсыздандырылды

«Пенче-Килит» операциясында осы уақытқа дейін 768 террорист залалсыздандырылды.

2090468
Соңғы операциялар арқылы 114 террорист залалсыздандырылды

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің мәліметіне  қарағанда, 12 қаңтар күні Ирактың солтүстігінде бір база аймағына еніп, шабуыл жасаған террористтерге жол берілмеді.

Шабуылдан кейін Ирак пен Сирияның солтүстігіндегі лаңкестік нысандарға әуе операциясы жасалғаны баяндалып, «Үңгірлер, баспаналар, туннельдер, оқ-дәрілер мен материалдар қоймалары, баспаналар, керек-жарақтар, табиғи газ өндіру және мұнай нысандары сынды 114 нысан  жойылды» делінді.

«Пенче-Килит» операциясында осы уақытқа дейін 768 террорист залалсыздандырылды.

Мәлімдемеде «1887 қару мен 794 мың 661 оқ-дәрі тәркіленді. 2 мың 588 мина мен қолдан жасалған жарылғыш заттар жойылды. 850 үңгір мен баспана күйретілді. 2023 жылдың 1 қаңтарынан осы таңға дейін  залалсыздандырылған лаңкестердің саны 2396-ға жетті» делінді.



Ұқсас жаңалықтар