Президент Ердоған кейбір елдердің жаңа елшілерін қабылдады

Президент Ердоған Индонезия, Венесуэла және Канаданың жаңа елшілерін қабылдады.

2089976
Президент Ердоған кейбір елдердің жаңа елшілерін қабылдады
endonezya buyukelcisi achmad rizal purnama-erdogan-kabul.jpg
venezuela freddy eduardo molina gutierrez-erdogan-kabul.jpg
kanada buyukelcisi kevin david hamilton-erdogan-kabul.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған жаңа елшілерді қабылдады.

Индонезия елшісі Ахмад Ризал Пурнама, Венесуэла елшісі Фредди Эдуардо Молина Гутиеррес және Канада елшісі Кевин Дэвид Гамильтон Президенттің қабылдауында болды.

Бас қала Анкарадағы Президенттік кешенде жүзеге асқан қабылдауда Индонезия, Венесуэла және Канада елшілері президент Ердоғанға сенімхаттарын ұсынды.

Қабылдау барысында елшілер Ердоғанға отбасылары және кейбір елшілік мүшелерін таныстырды. Ердоған елшілер және отбасыларымен естелік фотосуретке түсті.

Президент Ердоған кейін Индонезия елшісі Пурнама, Венесуэла елшісі Гутиеррес және Канада елшісі Гамильтонды кеңсесінде бөлек қабылдады.



Ұқсас жаңалықтар