Стамбулда қауіпсіздік жиналысы

Президент Режеп Тайып Ердоған басшылық жасаған қауіпсіздік жиналысы Стамбулдағы Долмабахче сарайында өтті.

2088322
Стамбулда қауіпсіздік жиналысы

Қауіпсіздік кеңесі Президент Режеп Тайып Ердоған басшылығында Стамбул Долмабахчеде жиналды.

Президент Ердоған басшылық жасаған кешегі жиынға Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, Ішкі істер министрі Али Йерликая, Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер,, Бас штаб төрағасы генерал Метин Гюрак, Ұлттық Барлау ұйымы директоры Ибрахим Калын, Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун және Президенттің сыртқы саясат пен қауіпсіздік жөніндегі бас кеңесшісі Акиф Чағатай Кылыч қатысты.

Баспасөзге жабық өткен кездесу шамамен 1 сағатқа созылды.

Саммиттен кейін жасалған мәлімдемеде терроризммен күресте табандылық туралы хабарлама жасалды.

Ирактың солтүстігінде 9 әскер шейіт болып, 4 әскер жараланған «Пенче-килит» операциялық аймағына жасалған опасыз шабуылдың артынан жасалған операцияда 24 сағатта 57 террористтің залалсыздандырылғаны білдірілді.

Мәлімдемеде «Түркия ешбір сылтау немесе себеппен оңтүстік шекараларында «Террорстан» құруға міндетті түрде рұқсат бермейді» делінді.



Ұқсас жаңалықтар