Террористтермен болған  қақтығыста 9 әскер шейіт болды

Операциялар барысында ұйым пайдаланған үңгірлер, бункерлер, баспаналар мен мұнай нысандарынан тұратын 29 нысан жойылды.

2088165
Террористтермен болған  қақтығыста 9 әскер шейіт болды

Ирактың солтүстігінде бөлшектеуші террор ұйымы PKK мүшесі террористтермен болған  қақтығыста 9 әскер шейіт болды.

«Пенче-Килит» операциялық аймағында лаңкестер бір база аймағына инфильтрация әрекетін жасады.

Шыққан  қақтығыста 9 әскер шейіт болып, 4 сарбаз жараланды.

Жаралы сарбаздар ауруханада  емделіп жатыр.

Шабуылдан кейін Ирактың солтүстігіндегі Метина, Хакурк, Гара, Кандил аймақтары мен Сирияның солтүстігіндегі террористтердің нысаналарына түн жарымында әуе операциясы жүргізілді.

Операциялар барысында ұйым пайдаланған үңгірлер, бункерлер, баспаналар мен мұнай нысандарынан тұратын 29 нысан жойылды.

Алғашқы анықтауларға қарағанда 15 террорист залалсыздандырылды.



Ұқсас жаңалықтар