Газалық науқастар Анкараға жеткізілді

85 жаралы және науқас әскери ұшақпен Анкараға жеткізілді.

2087689
Газалық науқастар Анкараға жеткізілді

Израиль бомбалап жатқан Газа Секторында эвакуацияланған 85 жаралы және науқас әскери ұшақпен Анкараға жеткізілді.

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа жетінші эвакуациялық операция нәтижесінде газалық 85 науқастың және жанындағы 106 кісінің жеткізілгенін хабарлады.

Науқастар Анкарадағы ауруханаларда емделеді. «Осы гуманитарлық жауапкершілікті ұлтымыз атынан жүзеге асырып отырмыз.  Медициналық жүйесі қираған Газа үшін талпынысымыз жалғасады» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар