"СКТР-н әлемнен шеттете алмайды"

Джевдет Йылмаз Түркияның әрдайым Кипр түріктерінің жанында болатынын атап көрсетті.

2087423
"СКТР-н әлемнен шеттете алмайды"

Вице-президент Джевдет Йылмаз Солтүстік Кипр Түрік Республикасын (СКТР) әлемнен шеттетуге тырысқандардың ісінің сәтсіз болатынын айтты.

СКТР-на барған Джевдет Йылмаз Ержан әуежайында мәлімдеме жасады.  Ол СКТР-ның тәуелсіз, егемен бір ел ретінде жолын жалғастырғанын, даму жолындағы күресінде Түркияның әрдайым Кипр түріктерінің жанында болатынын атап көрсетті.

Сапары барысында СКТР Президенті Ерсин Татар және премьер-министр Үнал Үстелмен кездесетін Йылмаз былай деді: «Біреулер СКТР-н әлемнен шеттетуге тырысып отыр.  Бірақ олардың осы ісі сәтсіз болады. Олар бір есікті жапса,  бір басқа есік ашамыз. СКТР, Кипр түріктері әлемнің бір бөлшегі болады,  әлемге барлық салада үлес қосуын жалғастырады»



Ұқсас жаңалықтар