Фахреттин Алтун журналисттер күніне орай құттықтау жариялады

Фахреттин Алтун 10 қаңтар – Жұмысшы журналистер күніне орай құттықтау жариялады.

2086844
Фахреттин Алтун журналисттер күніне орай құттықтау жариялады

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун журналистердің Израильдің Газа секторындағы қырғынына қатысты хабар алу құқығынан айырылғанын мәлімдеді.

Фахреттин Алтун 10 қаңтар – Жұмысшы журналистер күніне орай құттықтау жариялады.

Ел және әлем күн тәртібі туралы шынайы ақпаратты жеткізуде ақпарат құралдарының маңыздылығына тоқталған Алтун «БАҚ демократияның ажырамас элементтерінің бірі» деді.

Коммуникация басқармасы төрағасы БАҚ өкілдерінің Түркияның халықаралық жетістіктерін жариялауда маңызды рөл атқаратынын мәлімдеді.

Жалған ақпарат тарату науқандарына назар аударған Алтун «Этика мен журналистика ережелерін ұстанатын журналистерді ең күшті сүйемелдеулеріміздің бірі ретінде қабылдаймыз» деді.

Фахреттин Алтун Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарында 100-ден астам журналистің қаза тапқанын еске салды.

Газа секторында журналистердің хабар алу құқығы былай тұрсын, өмір сүру құқығынан да айырылғанын тілге тиек еткен Алтун Коммуникация басқармасы ретінде баспасөз өкілдерінің кәсіби өмірлерін жеңілдету үшін қолдау көрсетуді жалғастыратындарын білдірді.

Коммуникация басқармасы төрағасы «Адалдық, әділдік және объективтіліктен тайынбайтын барлық журналистерді 10 қаңтар – Жұмысшы журналистер күнімен құттықтаймын» деді.



Ұқсас жаңалықтар