Сирия мен Иракта PKK-лық 7 террорист залалсыздандырылды

Ұлттық Қорғаныс министрлігі әскери операция туралы мәлімдеме жасады.

2085676
Сирия мен Иракта PKK-лық 7 террорист залалсыздандырылды

Ирактың солтүстігіндегі «Пенче-килит» операциялық аймағында анықталған бөлшектеуші террор ұйымы PKK-лық 2 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасалған мәлімдемеде «Ирактың солтүстігіндегі «Пенче-килит» операциялық аймағында анықталған PKK-лық 2 террорист арнайы десанттар тарапынан залалсыздандырылды. Қай жерде болса да террор ұйымы PKK-мен күресіміз жалғасады» делінді.

Министрліктің алдында жасаған мәлімдемеде  болса Сирияның солтүстігіндегі «Евфрат қалқаны» және «Бейбітшілік бұлағы» операциялық аймақтарында шабуылға дайындалған бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-лік 5 террористтің залалсыздандырылғанын білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар