Түркия Болгария және Румыниямен Қаратеңіздегі миналарды тазарту туралы келіседі

Тодор Тагарев Түркия және Румыниямен Қаратеңіздегі миналарды тазарту туралы келісімге қол қоятындарын мәлімдеді.

2084493
Түркия Болгария және Румыниямен Қаратеңіздегі миналарды тазарту туралы келіседі

Болгария Қорғаныс министрі Тодор Тагарев алдағы аптада Стамбулда Түркия және Румыниямен Қаратеңіздегі миналарды тазарту туралы келісімге қол қоятындарын мәлімдеді.

Болгария ақпарат агенттігінің  хабарлауынша, Тодор Тагарев елдің оңтүстік-батысындағы Благоевград қаласында Қаратеңіздегі теңіз миналарына қарсы күреске қатысты журналистерге мәлімдеме жасады.

Тагарев Болгария, Румыния және Түркияның келесі аптада Стамбулда Қаратеңіздегі миналардан тазарту туралы келісімге қол қоятынын білдірді.

Тагарев келісім мәтіні мен тұжырымдамасы бойынша келісімге келгендерін атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар