Түркия Иранда жасалған лаңкестік шабуылдарды айыптады

ТР Сыртқы істер министрлігі Иранға көңіл айтты.

2084030
Түркия Иранда жасалған лаңкестік шабуылдарды айыптады

ТР Сыртқы істер министрлігі жазбаша мәлімдемесінде Кирманда жасалған лаңкестік шабуыл салдарынан көптеген адам шығыны мен жаралы бар екеніне назар аударылды. Мәлімдемеде «Осы жантүршігерлік лаңкестік әрекетті қатаң түрде айыптаймыз, дос және бауырлас Иран халқы мен үкіметіне көңіл айтамыз, шабуылда қаза тапқандарға Алланың рақымын және жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тілейміз» делінді.

Иранның Кирман қаласында Төңкеріс сарбаздары армиясының «Құдс» әскери күштерінің бұрынғы қолбасшысы Касым Сүлейманидің қабірі орналасқан зират маңында екі жарылыс болып, 84 адам қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар