Иран президентінің сапары кейінге қалдырылды

Президент Ердоған Иран президенті Реисимен телефонда сөйлесті.

2083999
Иран президентінің сапары кейінге қалдырылды

Президент Режеп Тайып Ердоған Иран президенті Ибрахим Реисимен телефонда сөйлесті.

Прездент Ердоған телефон әңгімесінде Реисиге Кирманда болған лаңкестікте қаза тапқандар үшін көңіл айтты. Ердоған азаматтарды нысанаға алған террорлық актті айыптайтынын білдірді.  Ол терроризммен күресте Түркияның Иранның жанында екенін еске салды. Иран халқына да сабыр тіледі.

Телефон әңгімесі барысында Ердоған терроризммен бірігіп күресу тілегін Иранға тағы бір рет жеткізді.

Иран президенті Ибрахим Реисидің бүгінгі Түркия сапарының кейінге қалдырылуына да шешім берілді.

Иранның Кирман уәлаятында Төңкеріс сақшылары армиясының бұрынғы қолбасшысы Касым Сүлейманидің қабірі басындағы еске алу барысында екі лаңкестік жасалған еді.  Оқиғада 95 адам қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар