Неміс полициясының оғынан қаза тапқан түрік жерленді

Ертекин Өзкан Мангейм қаласының орталық зиратына жерленді.

2083737
Неміс полициясының оғынан қаза тапқан түрік жерленді

Германияда полиция қызметкері атып өлтірген түрік азамат Ертекин Өзкан Мангейм қаласының орталық зиратына жерленді.

Сейсенбі күні Өзканды жерлеу рәсіміне арасында Түркияның Карлсруэдегі Бас консулы Махмут Ниязи Сезгин де бар жүздеген адам қатысты. Жаназа рәсіміне  келген полиция қызметкерлері форма киген жоқ.

23 желтоқсанда Мангейм-Шонау қаласында 49 жастағы Өзканды полиция атып өлтірген еді. Билік Өзканның полиция қызметкерлерін пышақпен қорқытқанын мәлімдеген болатын.

Адам өліміне әкеп соққан оқиғадан кейін әлеуметтік желіде неміс полициясының «залалсыздандыру» әдісі қатты сынға алынды. Әлеуметтік желіде Өзканның өлтірілген сәтін көрсететін көптеген видео жарияланды. Әлеуметтік желі қолданушылары полицейлер Өзканды атып өлтірмей-ақ, оны жеңіл жарақаттау арқылы залалсыздандыруға болатын еді деген пікір білдірді.



Ұқсас жаңалықтар