Кечели: "Израильге қарсы Халықаралық сотқа берілген өтінішті құптаймыз"

Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Өнжу Кечели мәлімдеме жасады.

2083791
Кечели: "Израильге қарсы Халықаралық сотқа берілген өтінішті құптаймыз"

Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Өнжу Кечели Оңтүстік Африка Республикасының Израильге қарсы Халықаралық Сотқа жасаған өтінішін құптағандарын білдірді.

Мәлімдемеші «X» әлеуметтік желісіндегі хабарламасында «Оңтүстік Африка Республикасының 1948 жылғы «Геноцид қылмысының алдын алу және жазалау туралы конвенциясы» аясындағы міндеттемелерімен байланысты Израильге қарсы Халықаралық сотқа берген өтінішін құптаймыз» деді.

Кечели мәлімдемесінде «Израильдің Газа секторында көпшілігі әйел мен бала болған 22 мыңнан астам палестиналық бейбіт тұрғынды өлтіруінің жазасыз қалдырылмай, қылмыстыларды халықаралық құқық алдында жауапқа тарту керек. Кезеңнің мүмкіндігінше тезірек аяқталуына үміттенеміз. Сондай-ақ өтінішке сәйкес Халықаралық сот Израильге Газа секторына шабуылдарын тоқтатуды қамтитын бір уақытша қаулы шығарады деп күтілуде. Түркия бұл шешімнің орындалуын жақын қадағалайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар