Түркиядан көмек сұрады

Түркия-Палестина Достық ауруханасы 7 қазаннан бергі шабуылдарға байланысты жұмыс істемей тұр.

2083089
Түркиядан көмек сұрады

Газада қатерлі ісік ауруларын емдейтін жалғыз орталық – Түркия-Палестина ауруханасының директоры Субхи Сукейк Түркиядан көмек сұрады.

 Түркия-Палестина Достық ауруханасы 7 қазаннан бергі шабуылдарға байланысты жұмыс істемей тұр.

Аурухана директоры Субхи Сукейк Түркияға үн қатып: «Аурухананың қайта қызмет беруі үшін әсіресе бауырлас ел Түркиядан көмек күтеміз» деді. Ол Израиль блокадасына байланысты ауруханада науқастардың дәрі-дәрмектерінің таусылып қалғанын айтты.

Ол кейбір науқастардың Түркия секілді кейбір елдерге эвакуацияланғанын білдіріп, Түркия-Палестина Достық ауруханасының Газадағы қатерлі ісікпен ауыратын науқастар үшін «жалғыз үміт қақпасы» екенін еске салды.



Ұқсас жаңалықтар