Стамбулдағы шеру әлем баспасөзінде кең орын алды

Стамбулда кеше 308 қоғамдық қауымдастық ұйымның қатысуымен шеру өтті.

2083205
Стамбулдағы шеру әлем баспасөзінде кең орын алды

Стамбулда кеше 308 қоғамдық қауымдастық ұйымның қатысуымен өткен «Шейіттерімізге рақым, Палестинаға қолдау, Израильге қарғыс» атты шеру халықаралық баспасөздің басты тақырыбына айналды.

Британдық "Associated Press" агенттігі «Түркияда Израильге қарсы шерулерге қатысқандар саны артып келеді» деген тақырып қолданды. Хабарда өткен аптада «Пенче-қилит» операциясында шейіт болған 12 сарбаз үшін аза тұтылғаны да орын алды.

Орталығы Ұлыбританиядағы «Middle East Eye» газеті «Жаңа жыл түні Стамбулда мыңдаған адам Газа секторында атысты тоқтатуға шақырып шеруге шықты» деген тақырып пайдаланды.

Британдық «The New Arab» басылымы болса «Израильдің Газа секторындағы қырғыны мен жақында түрік әскерлері шейіт болған опасыз шабуылға наразылық көрсетілді» деген тақырыпты жазды.

Орталығы Катардағы «Әл-Жазира» телеарнасы да демонстрацияға он мыңдаған адамның қатысқанына назар аударып, шерудің фотосуреттерін ресми интернет парақшасынан жариялаған.

Ресей мемлекеттік агенттігі «Риа» болса «Қазан айынан бері Стамбул мен Түркияның басқа қалаларында Палестинаға қолдау шерулері жүйелі түрде өтіп жатыр» деді.

Грекияның «Иефимери» газеті шеруді «Түркия: Стамбулда PKK және Израиль террорына қарсы жаппай шерулер» деген тақырыппен жариялады.

«Times of Israel» газеті де Газа секторына жасалған шабуылдар себепті Израильдің Стамбулда протест етілгенін жазды.



Ұқсас жаңалықтар