Ердоған әскерлерді Жаңа жылмен құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған әскерлерді Жаңа жылмен құттықтады.

2082628
Ердоған әскерлерді Жаңа жылмен құттықтады

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Килисте сапарда болған Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер арқылы осында қызмет ететін сарбаздарды телефон арқылы Жаңа жылмен құттықтады.

«Сирия шекарасындағы күресте қол жеткізген нәтижелер  біздің әрқашан қауіпсіз екендігіміздің белгісі» деген Ердоған шейіттерге Алладан рахым, ардагерлерге шипа тіледі.

Президент Ердоған былай деді: «Біз 2023 жылмен қоштасып, 2024 жылды қарсы алғалы отырмыз. Әскерлерімізді Жаңа жылымен құттықтаймын. 2024 жылдың жақсылық әкелуін бір Алладан тілеймін. Сәлемімді, сүйіспеншілігімді және құрметімді білдіремін».



Ұқсас жаңалықтар