Фидан шындықты айтудан  ешқашан тартынбайтындарын білдірді

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан ел ішінде және шетелде тұратын азаматтарды Жаңа жылмен құттықтады.

2082638
Фидан шындықты айтудан  ешқашан тартынбайтындарын білдірді

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан шындықты айтудан  ешқашан тартынбайтындарын білдірді.

Хакан Фидан өзінің «X» әлеуметтік медиа аккаунтында бөліскен Жаңа жылдық хабарламасында Республиканың 100 жылдығы мен Сыртқы істер министрлігінің іргетасының қалануының 500 жылдығының артта қалғанын еске салды.

«Халықаралық жүйе белгісіздікке толы және жаһандық деңгейде тұрақсыздық орын алып отырған осы кезеңде Президентіміздің басшылығымен жүргізіп отырған Түркия орталықты тәуелсіз сыртқы саясат елімізді халықаралық дамуды анықтайтын маңызды акторға айналдырды»  деген Фидан моральдық құндылықтарға негізделген ұтымды және ықпалды сыртқы саясаттың 2024 жылы жалғасатынын мәлімдеді.

Фидан «Ұлтымыздан алған күш-қуатымызбен жаһандық әділетсіздіктер мен зұлымдықтарға қарсы дауысымызды көтеруден бас тартпаймыз. Біз шындықты айтудан ешқашан тартынбаймыз. Тәуелсіз және ұлттық сыртқы саясатымыздың тереңдігі мен өлшемдерін одан әрі арттырамыз» деді.

Фидан ел ішінде және шетелде тұратын азаматтарды Жаңа жылмен құттықтап, 2024 жылдың Түркия, түрік ұлты және адамзат үшін берекелі болуын тіледі.



Ұқсас жаңалықтар