20 түрік теңізшісі эвакуацияланды

20 түрік теңізшісі Францияның Бретани аймағының жағалауында құтқарылды.

2081993
20 түрік теңізшісі эвакуацияланды

Өрт салдарынан қозғалтқышы жарамсыз болып қалған кемеден 20 түрік теңізшісі Францияның Бретани аймағының жағалауында құтқарылды.

Ұлттық ақпарат құралдарының хабарына қарағанда, кеше Бриттанидағы Пенмарч қаласының жағалауында Панама жалауы бар «Гуана» атты кемедегі техникалар өртеніп кеткен.

Өрт салдарынан кеменің қозғалтқышы жарамсыз болып қалды.

Қозғалтқышты жөндеу мүмкін болмаған соң, 150 метрлік кеменің экипажы қиын жағдайда қалды.

Атлантикалық теңіз губернаторлығының мәлімдемесіне қарағанда кемедегі 20 түрік теңізшінің бір бөлігі ұшақ, бір бөлігі кеме арқылы эвакуацияланды.

Тікұшақпен эвакуацияланған 14 түрік теңізшісі кеше жергілікті уақытпен сағат 23.00 шамасында Ланвеок-Пулмик теңіз әуе базасына жеткізілді.

Қалған 6 түрік теңізшісі Испанияның «Esperanza del Mar» атты кемесімен Францияның Брест қаласына жіберілді.

Дипломатиялық ақпарат көздері Түркияның Нанттағы бас консулдығының 20 түрік теңізшінің жағдайы туралы Францияның жергілікті билігімен байланыста екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар