Министр Гүлер: "59 террорист залалсыздандырылды"

Ішкі және шекаралық әскери бөлімше командирлері министр Гүлер басшылығында жиналды.

2081431
Министр Гүлер: "59 террорист залалсыздандырылды"

Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер Ирак пен Сирияның солтүстігінде 59 террористің залалсыздандырылғанын мәлімдеді.

Министр Гүлер басшылығында ішкі және шекаралық әскери бөлімше командирлері қатысқан  бейнеконференциялық жиналыс өтті.

Яшар Гүлер жиналыста «Ирак пен Сирияның солтүстігіндегі 71 нысанаға әуе операциясы жасадық. Әуе және құрлық операцияларымен 59 террорист залалсыздандырылды. Әрқашан айтып жүргеніміздей, террормен күрес соңғы лаңкес залалсыздандырылғанша жалғасады» деді.



Ұқсас жаңалықтар