Ердоғаннан ғалымдарға шақыру

Ердоған Израильдің Газадағы қырғындарына наразылығын қайталады.

2081480
Ердоғаннан ғалымдарға шақыру

Президент Режеп Тайып Ердоған Газа секторында адам ар-намысын қорғағаны үшін қысымға ұшыраған ғалымдарға шақыру тастап, «Түркия университеттерінің есігі сіздерге айқара ашық» деді.

Президент Ердоған Анкарада Бештепе Ұлттық конгресс және мәдениет орталығында өткен Түркия Ғылыми және техникалық зерттеу кеңесі (Түбитак) және Түркия ғылым академиясының (ТҮБА) Ғылым сыйлықтары рәсімінде сөз сөйледі.

Ердоған Израильдің Газадағы қырғындарына наразылығын қайталады.

Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарында Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінен Еуроодаққа, баспасөз мекемелерінен БАҚ ұйымдарға дейін демократияның өкілі атанған барлық мекемелердің сәтсіздікке ұшырағанын мәлімдеген Ердоған «Ауызын толтырып сөйлейтін және үлкен бюджет жұмсайтын мекемелердің Израиль мен Израильдің зұлымдығы мәселе болғанда, мүлдем бос екендерін түсіндік» деді.

7 қазан күнінен бері басып алынған Палестина жерінде қырғын жасап жатқан Израильге үндеу тастаған Ердоған «Гитлерден қандай айырмашылығыңыз бар? Бұлар Гитлерді іздеуге мәжбүр етеді. Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху жасағанның Гитлердікінен айырмашылығы бар ма? Жоқ» деді.

Президент Ердоған «Тек халықаралық ұйымдар емес, батыстың алдынғы қатарлы университеттері де Газа тақырыбында өкінішке орай емтиханнан өте алмады банкротқа ұшырады» деді.

80 жыл бұрын нацистік Германиядағы сияқты бүгін де Газа секторындағы зұлымдықты «зұлмат» деп айтуға батылы барған ғалымдардың қысым мен қорқытуларға ұшырағанын атап көрсеткен Ердоған «Газада адам ар-намысын қорғағаны үшін қысым көрген ғалымдарға шақыру тастаймын, түрік университеттерінің есігі сіздерге айқара ашық» деді.



Ұқсас жаңалықтар