Абдулкадир Уралоғлу маңызды мәлімдеме жасады

Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу Сабиха Гөкчен әуежайының екінші ұшу-қону жолағының ашылу салтанатында сөз сөйледі.

2080601
Абдулкадир Уралоғлу маңызды мәлімдеме жасады

Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу «Біз Түркия ғасырына дайынбыз және осы ғасырды тағы да көптеген жобалар және қызметтермен көлік ғасырына айналдырамыз» деді.

Сабиха Гөкчен әуежайының екінші ұшу-қону жолағының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Уралоғлу Түркия ғасырына күшті қадамдар басқандарын айтып, жаңа ұшу-қону жолағы туралы ақпарат берді.

Уралоғлу былай деді: «Ұзындығы 3540 метр болатын және ең кең фюзеляжді ұшақ қонатын екінші ұшу-қону жолағынан басқа, үш таксомотор жолы, 62 ұшақ сыйымдылығы бар орташа перрон, 40 ұшақ сыйымдылығы бар жүк перроны және әуе қозғалысын басқару мұнарасы, техникалық блок, өрт сөндіру және гараж ғимараты сияқты 19 мың шаршы метр ішкі қондырма нысандарын заманның соңғы технологиясымен жаңарттық. Биіктігі 91 метрлік әуе қозғалысын басқару мұнарамыз 2023 жылғы 9 қаңтардан бастап,  барлық әуе қозғалысы жүйелерімен бірге тәулік бойы әуе қозғалысына қызмет көрсетеді».



Ұқсас жаңалықтар