Мемлекеттік  дипломатияны үйлестіру кеңесі жиналды

Фахреттин Алтун Президент Режеп Тайып Ердоған жүргізген көшбасшылық дипломатияның табысына тоқталды.

2079468
Мемлекеттік  дипломатияны үйлестіру кеңесі жиналды

Мемлекеттік  дипломатияны үйлестіру кеңесі Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун басшылығында жиналды.

Жиында сөз сөйлеген Фахреттин Алтун Президент Режеп Тайып Ердоған жүргізген көшбасшылық дипломатияның табысына тоқталды.

Алтун «Біздің басты мақсатымыз Түркияның халықаралық беделін көтеру, Түркияға қарсы жүйелі түрде жүргізілуге ​​тырысқан қара үгіт-насихат және жалған ақпараттандыру науқандарына  күшті коммуникация әдістері мен жүйелі стратегияларды шығару. Сондай-ақ Түркия Республикасының мүдделерін қорғау» деді.

Алтун Түркияның одақтас, экономикалық актер және белсенді орталығы ретінде ілгерілеуін жалғастырғанын атап көрсетті.

 



Ұқсас жаңалықтар