Ердоған Александр Вучич және Абдель Фаттах әл-Сисимен сөйлесті

Ердоған Сербия Президенті Александр Вучич және Мысыр Президенті Абдель Фаттах әл-Сисимен  телефон арқылы сөйлесті.

2079109
Ердоған Александр Вучич және Абдель Фаттах әл-Сисимен сөйлесті
erdogan-sisi.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған Сербия Президенті Александр Вучич және Мысыр Президенті Абдель Фаттах әл-Сисимен  телефон арқылы сөйлесті.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда, Ердоған Вучичпен кездесуінде Сербия басшысын сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

Әңгімеде Түркия-Сербия қарым-қатынастары, жаһандық және аймақтық мәселелер де талқыланды.

Президент Ердоған екі ел арасындағы берік қарым-қатынас пен ынтымақтастықтың жаңа кезеңде де дами беретінін айтты.

Ердоған-Сиси әңгіме барысында  Израильдің Палестина жеріне жасаған шабуылдары мен Газаға гуманитарлық көмек жеткізу әрекеттері талқыланды.

Әңгімеде  Ердоған Ислам елдерінің бірлікте тұрақты атысты тоқтатуды қамтамасыз ету үшін бастаған талпыныстарын жалғастыруының маңызды екеніне назар аударды.

Әңгіме барысында Ердоған Мысыр президенті болып қайта сайланған Сисиге сәттілік тілеп, жаңа дәуірдің Түркия-Мысыр қарым-қатынастарына пайдалы болатынына сенім білдірді.



Ұқсас жаңалықтар