Түркия мен Венгрия арасындағы ынтымақтастығы күшеюде

Алтун «Түркия мен Венгрия арасындағы аынтымақтастықтың дамуы үшін жасалған келісімнің пайдалы болады деп үміттенемін» деді.

2078181
Түркия мен Венгрия арасындағы ынтымақтастығы күшеюде

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Түркия мен Венгрия арасындағы аудиовизуалды саясат және үкіметтік байланыс саласындағы ынтымақтастықты дамытуды мақсат еткен келісімнің пайдалы болуын тіледі.

Алтун әлеуметтік желідегі парақшасында Президент Режеп Тайып Ердоған мен Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанның қатысуымен Венгрияның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Петер Сийяртомен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойғандарын атап көрсетті.

Алтун  «Келісім арқылы екі ел арасында БАҚ және коммуникация, ақпарат пен тәжірибе алмасу, өзара тиімділік бастамалар және жобалар бойынша ынтымақтастық қамтамасыз етілетін болады. Түркия мен Венгрия арасындағы аудиовизуалды саясат және үкіметтік ынтымақтастықтың дамуы үшін жасалған келісімнің пайдалы болады деп үміттенемін» деді.



Ұқсас жаңалықтар