Президент Ердоған Венгрия сапарын аяқтап елге оралды

Президент Ердоған әлеуметтік желідегі аккаунтынан Венгрия сапары туралы хабарлама жасады.

2078381
Президент Ердоған Венгрия сапарын аяқтап елге оралды

Президент Режеп Тайып Ердоған Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанның шақыруымен барған Будапешттегі байланысты хабарлама жасады.

Президент Ердоған әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған хабарламада «Біздің Венгриямен достық қарым-қатынастарымыз шын мәнінде ғасырдан да асады. Премьер-министр Виктор Орбан мырзамен қол қойған «Бірлескен саяси декларация» арқылы біз қарым-қатынасымызды стратегиялық серіктестік деңгейінен кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейіне жеткіздік. Венгрияның өзі бақылаушы мүше болып табылатын Түркі мемлекеттері ұйымына қосқан үлесіне ризамыз» деді.

Түркия мен Венгрия арасындағы сауда көлемінің биылдың алғашқы 11 айында 4 миллиард долларға жақындағанын білдірген Ердоған 6 миллиард долларлық ортақ нысанаға қол жеткізуге табанды екендерін баса айтты.

Ердоған қазірдің өзінде табысты ынтымақтастық орнаған қорғаныс өнеркәсібі, энергетика сияқты салаларда байланыстарды одан әрі нығайтуды жоспарлағандарына назар аударды.

Палестина мен Украинада соғыс пен зорлық-зомбылықтың шешім емес екендігі туралы венгрлік лауазымдылармен келіскендерін атап көрсеткен Ердоған хабарламасында «Халықаралық қоғамның Израильге дұрыс жолдама жасап, жасалған қырғынды тоқтату тұрғысынан жауапкершілігі үлкен. Осы тұрғыда досымыз Венгрияның қажетті үлес қосудан тартынбайтынына шын жүректен сенемін. Мен барлық венгр достарымызға, әсіресе президент Каталин Новак пен премьер-министр Виктор Орбанға шынайы қонақжайлылығы үшін алғысымды айтамын. Кеңестер мен қабылдаған шешімдеріміз пайдалы болады деп сенемін» деді.

Президент Ердоған Венгриядағы кездесулерінен кейін Анкараға келді.



Ұқсас жаңалықтар