Президент Ердоған Мәулананы еске алды

Ердоған Мәулананың қайтыс болуының 750 жылдығына арналған халықаралық еске алу рәсіміне хабарлама жолдады.

2077722
Президент Ердоған Мәулананы еске алды

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия ретінде израильдік лауазымдыларды заң мен тарих алдында жауапқа тарту үшін барлық тетіктерді пайдаланудан бас тартпайтындарын білдірді.

Ердоған Кония Мәулана мәдени орталығында Әзірет Мәулананың қайтыс болуының 750 жылдығына арналған халықаралық еске алу рәсіміне хабарлама жолдады.

Ердоған ұлы ойшыл, сопы және көңілдің сұлтаны Мәулана Джелаледдин-и Румиді Алланың рақымымен еске алды.

«Біз әзірет Мәулананың даналықтың қайнар бұлағынан сүзілген ақыл-кеңесіне бұрынғыдан да қажет күндерді бастан кешудеміз» деген Ердоған 7 қазан күнінен бері Газа секторы мен басқыншылық астындағы Палестина жерінде болып жатқан Израиль қатыгездігіне тоқталды.

Ердоған «Өздерін адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаушы ретінде көрсететін кейбір елдердің сөзсіз қолдауына ие болған Израиль әкімшілігі қысымды үнемі арттырып, қан төгуді, жан алуды және балаларды өлтіруді жалғастыруда» деді.

Израильдік лауазымдыларды заң мен тарих алдында жауапқа тарту үшін Түркияның барлық механизмдерді пайдаланудан бас тартпайтынын атап көрсеткен Ердоған «Әзірет Мәулананың жолын жалғастыра отырып, дініне, тегіне, түсіне, кім екеніне қарамастан, жәбірленушілердің жанында боламыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар