Министр Фидан АҚШ-тық әріптесімен телефонда сөйлесті

Министр Фидан АҚШ-ты Газа секторына жасалған шабуылдарды тоқтату үшін Израильге ықпал етуге шақырды.

2077687
Министр Фидан АҚШ-тық әріптесімен телефонда сөйлесті

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан АҚШ-ты Газа секторына жасалған шабуылдарды тоқтату үшін Израильге ықпалын пайдалануға шақырды.

Дипломатиялық ақпарат көздеріне қарағанда министр Фидан АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен телефон арқылы сөйлесті.

АҚШ тарапының өтініші бойынша өткен әңгіме бойынша аймақтық және жаһандық мәселелерге қоса, екі ел арасындағы қарым-қатынастар талқыланды.

Әңгіме барысында АҚШ-Түркия қарым-қатынастарында одақтастық рухына сәйкес қозғалудың маңыздылығы аталып, Швецияның НАТО мүшелігі, «F-16» әскери ұшағы мәселесі және қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтар да күн тәртіпке келді.

Израиль-Палестина шиеленістері де талқыланған әңгіме барысында министр Фидан Газа секторы мен Шерияның батысындағы жағдайдың ушығып бара жатқанына назар аударып, шабуылдарды тоқтату үшін АҚШ-тың Израильге ықпалын пайдалануға шақырды.

Министр Фидан атысты тоқтатудың қамтамасыз еткен кейін екі мемлекетті шешімге негізделген әділ және тұрақты бір бейбітшілікті жүзеге асыруға бағытталған бір саяси процесті бастау үшін Израильдің келіссөз үстеліне отыру керектігін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар