Ердоған Джо Байденмен телефон арқылы сөйлесті

Ердоған АҚШ президенті Джо Байденмен телефон арқылы сөйлесті.

2076816
Ердоған  Джо Байденмен телефон арқылы сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ Президенті Джо Байденмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімеде Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдары, Түркия-АҚШ екіжақты қарым-қатынастары, Швецияның НАТО-ға мүшелік процесі, жаһандық және аймақтық мәселелер талқыланды.

Әңгіме барысында  Президент Ердоған Газадағы гуманитарлық трагедияны мүмкіндігінше тезірек тоқтатуын, АҚШ-тың Израильге шартсыз қолдауынан бас тартуын талап етті. Сондай-ақ,  әрі елем, әрі АҚШ қоғамдық пікірінің бұл талапты көбірек айтқанын түсіндірді. Ердоған аймақта тұрақты атысты тоқтатуды мүмкіндігінше тезірек қамтамасыз етудің АҚШ-тың тарихи жауапкершілігі екенін айтты.

Президент Ердоған Израильдің шабуылдарын ұзартудың аймақтық және жаһандық көлемде теріс салдары болуы мүмкін екенін түсіндірді. Ердоған Түркия ұсынған кепілдік механизмінің  құрылуы, уәделердің орындалуы  және 1967 жылғы шекараларға негізделген тәуелсіз, егемен және астанасы Иерусалим болатын Палестина мемлекетінің құрылуының ең әділ шешім екенін мәлімдеді.

Президент Ердоған мен Байден әңгімесінде  Түркияға F-16 жойғыш ұшақтарын жеткізу мәселесі де талқыланды.



Ұқсас жаңалықтар