Ердоған еврей халқын Ханука мерекесімен құттықтады

Ердоған Ханука мерекесіне байланысты жолдауында еврей сеніміндегі барлық азаматтарды құттықтады.

2076385
Ердоған еврей халқын Ханука мерекесімен құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған Ханука мерекесіне байланысты жолдауында еврей сеніміндегі барлық азаматтарды құттықтады.

Тіл, наным-сенім және нәсілге байланысты кемсітушілікті жоққа шығаратын толеранттылық түсінігінің тамыры терең тарих пен өркениет қалдырған ең құнды мұралардың бірі екеніне назар аударған Ердоған: «Әлемнің түрлі бөліктерінде әртүрлі наным-сенімдерге төзбеушілік күшейіп жатқан қазіргі әлемде біз кемсітушіліктің барлық түріне қарсы тұру арқылы осы құндылықтарды қорғауға үлкен мән береміз. Біздің барлық азаматтарымыздың өз сенімдері бойынша өмір сүру еркіндігі болады. Мен еврей азаматтарымызды Ханука мерекесімен құттықтаймын және оларға амандық тілеймін» деді.



Ұқсас жаңалықтар