Газа секторынан 1047 түрік азаматы эвакуацияланды

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Өнжу Кечели мәлімдеме жасады.

2075968
Газа секторынан 1047 түрік азаматы эвакуацияланды

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Өнжу Кечели 8 қазан күнінен бері Газа секторынан 1 047 түрік азаматымен бірге Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) азаматтары және олардың туыс-тамырларының эвакуацияланғанын хабарлады.

Кечели әлеуметтік желідегі жеке аккаунтынан жасаған хабарламада «8 қазан күнінен бері Газа секторынан 1 047 азаматымыз, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) азаматтары мен олардың туыс-тамырлары эвакуацияланды. Шекара қақпасының Мысыр жағында эвакуацияланғандар дипломаттарымыз тарапынан қарсы алынуда. Олардың алдымен құрлық жолы арқылы Каирге, кейін әуе жолымен Стамбулға келуі қамтамасыз етіледі» деді.

Кечели эвакуациялауды күтіп тұрған азаматтар тізімінің үнемі жаңартылып, тиісті органдарға хабарланғанын атап көрсетті.

Өнджу Кечели Газадағы барлық түрік азаматтарының қауіпсіз және тезірек эвакуациялауды аяқтауды мақсат еткенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар