Террормен күрес жалғасуда

PKK-ның аймақтық оқ-дәрі жауапкері террорист Зейнеп Севим залалсыздандырылды.

2075135
Террормен күрес жалғасуда

Ирактың солтүстігінде бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның аймақтық оқ-дәрі жауапкері «Рукен Зилан» лақапты террорист Зейнеп Севим залалсыздандырылды.

Духок ауылында Ұлттық барлау ұйымы (ҰБҰ) тарапынан залалсыздандырылған террористің «Пенче-Килит» операциясында қауіпсіздік күштеріне қарсы шабуылға дайындалған террористтердің оқ-дәрі қажеттілігін қамтамасыз еткені атап көрсетілді.

PKK террор ұйымына 2014 жылы қосылған террористтің ұйым мүшелерінің логистикалық қажеттілігін қамтамасыз еткені анықталды.

Террорист Севимнің әпкесі «Зилан Рукен» лақапты террорист Фатма Севимнің де 2012 жылы Тунджелидің Оважык ауданында қауіпсіздік күштерінің операциясында залалсыздандырылғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар