"Израильдің жүздеген жалғанын әшкереледік"

Фахреттин Алтун «TRT World Forum 2023» беташарында сөйлеген сөзінде дезинформацияға тоқталды.

2074479
"Израильдің жүздеген жалғанын әшкереледік"

Президенттік аппарат жанындағы Комуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Израильдің жүздеген өтірігін әшкерелегендерін айтты.

Фахреттин Алтун «TRT World Forum 2023» беташарында сөйлеген сөзінде дезинформацияға тоқталды.

Алтун жаһандық пандемия кезінде де, Қарабах соғысы кезінде де, Ресей-Украина соғысында да, сонымен қатар Израильдің 7 қазаннан бері Газада жасаған жүйелі қысым, қырғын және геноцидте дұрыс стратегиялық коммуникация қадамдарының арқасында дезинформацияның  жаһандық және аймақтық билік күресінде «улы» құралға айналуының алдын алуға болатынын түсінгендерін айтты.

Ол Израильдің Газада сәбилер, балалар, әйелдер, қарттармен бірге шындықты да өлтіруге тырысқанын білдірді. Алтун Израильдің өзі жасаған қатыгездік пен геноцид қырғындарын жасыру үшін жүйелі түрде жалған және қате хабарлар таратуға тырысқанын атап көрсетті.

Ол Израильдің дезинформациясымен күресу үшін тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн жұмыс істейтін арнайы топ құрғандарын еске салды.  Алтун "Біз Израильдің жүздеген өтірігін әшкереледік. Израильдің өтірігін ұлттық деңгейде де, халықаралық деңгейде де әшкереледік, оның орнына шын ақпаратты жариялады» деді.



Ұқсас жаңалықтар