Президент Ердоған Грекияда

Ердоғанды Грекияда президент Катерина Сакеларопулу қарсы алды.

2073844
Президент Ердоған Грекияда
erdoğan miçotakis.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған «Жоғары деңгейдегі стратегиялық кеңестің бесінші отырысының Түркия мен Грекия арасындағы жаңа дәуірдің күшейе түсуіне жол ашатынына сенемін» деді.

Түркия-Грекия Жоғары деңгейдегі ынтымақтастық кеңесінің бесінші отырысы аясында Ердоғанды Грекияда президент Катерина Сакеларопулу қарсы алды.

Президент Ердоған Сакеларопулумен кездесу қарсаңындағы сөйлеген сөзінде 6 жылдан кейін Афиныда болғанына қуанышты екенін білдірді.

«Жоғары деңгейдегі стратегиялық кеңестің 5-ші отырысы Түркия мен Грекия арасындағы жаңа дәуірдің күшейе түсуіне жол ашатынына сенемін» деді ол. Ердоған "Бүгін біз мұнда министрлерден құралған үлкен делегациямен келдік. Министрлер бір-бірімен өте мазмұнды кездесулер өткізеді. Әрине мақсат - арамыздағы сауда көлемін 5,5 миллиард доллардан 10 миллиард долларға дейін арттыру. Біз осыған байланысты қай салаларда қандай қадамдар жасай алатынымызды талқылаймыз. Министрлер алдын ала дайындықтарын жасады» деді.

Артынан  Ердоған мен Сакеларопулу жабық кездесу өткізді.

Ердоған Афиныда Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакисті де қабылдады.



Ұқсас жаңалықтар