Президент Ердоған ұшақта мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған Газа секторында буферлік аймақ құру идеясына қарсы шықты.

2073318
Президент Ердоған  ұшақта мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған Катар сапарынан оралғаннан кейін ұшақта мәлімдеме жасады.

Ердоған Катар әмірі Шейх Тамим бин Хамед Әл Санимен Израиль мен Хамас арасында дереу және түбегейлі түрде атысты тоқтату, Газаға гуманитарлық көмектің үздіксіз ағынын қамтамасыз ету және аймақта бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін жасалатын қадамдарды егжей-тегжейлі талқылағанын атап көрсетті.

Ердоған Әл Санимен бұл тақырыпта тығыз ынтымақтастық пен ортақ қарым-қатынасты жалғастыру жөнінде келіскендерін білдірді.

Ердоған Израильдің Палестина сыртындағы Хамас мүшелерін өлтіру жоспарына қатысты «Егер олар Түркияға қарсы мұндай қадамға  басатын болса, онда құнын өтейді. Түркияның барлау және қауіпсіздік саласында қол жеткізген жетістіктерін әлемде білмейтін адам жоқ. Мұны ешкім ұмытпауы керек» деді.

Ердоған «Егер барлық батыс елдерінің, әсіресе Америка Құрама Штаттарының Израильге қолдауы болмағанда, дәл қазір аймағымызда мұндай жағдайға тап болмас едік» деп көрсетті.

Президент Ердоған «Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху қазір тақтан түсудің алдында.  Нетаньяху өз әрекеті үшін жазадан құтыла алмайды. Ерте немесе кеш бір күні сотталады» деді.

Ердоған Израильдің Газада буферлік аймақ құратыны туралы мәлімдемеге қатысты: «Мен оны талқылауды тіпті палестиналық бауырларыма құрметсіздік деп санар едім, бұл талқыланатын жоспар емес» деп көрсетті.

Президент Режеп Тайып Ердоған Газа секторында буферлік аймақ құру идеясына қарсы шықты.



Ұқсас жаңалықтар