КOMCEК 39-шы Министрлер жиналысы Стамбулда өтеді

КOMCEК 39-шы министрлер жиналысы 2-5 желтоқсанда Стамбулда өтеді.

2071472
КOMCEК 39-шы Министрлер жиналысы Стамбулда өтеді

Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) Сауда және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комитетінің (КOMCEК) 39-шы министрлер жиналысы 2-5 желтоқсанда Стамбулда өтеді.

Президенттік Стратегия және бюджет басқармасының мәлімдемесіне сәйкес, жиналыс аясында 2-3 желтоқсанда өтетін Жоғары деңгейдегі сарапшылар отырысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша техникалық талқылаулар өткізіледі және Министрлер сессиясына   жобалар ұсынылады.

Министрлер жиналысы 4 желтоқсанда президент Режеп Тайып Ердоғанның ашылу сөзімен басталады.

Вице-президент Джевдет Йылмаз жиналыстың жұмыс және жабылу отырыстарын басқарады.

Жиналысқа мүше елдер делегацияларынан бөлек, ИЫҰ-ның тиісті ұйымдары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.



Ұқсас жаңалықтар