Палестинаға көмек жалғасады

Көмек материалдары тиелген кеме Палестина халқымен ұйымшылдық күнінде Мысырға қарай жолға шықты.

2070767
Палестинаға көмек жалғасады

Ішкі істер министрі Али Йерликая адам ұжданына ауыр жарақат келтірген, тарихта қырғын деп жазылып қалатын Газа басқыншылығын тоқтатуға тырысатындарын, Палестина халқына көмектесуді жалғастыратындарын білдірді.

Министр Йерликая Апат және төтенше жағдай басқармасының (AFAD) координациясында 13 қазан-22 қараша күндері арасында 12 ұшақ және 2 кеме арқылы Палестинаға гуманитарлық көмек жолданғанын білдірді. Ол 63 қызметкер арқылы жеткізілген көмектің арасында 8 далалық аурухана, 26 жедел жәрдем көлігі, 215 медициналық материал, 510 мың азық-түлік пакеті, 234 тонна ауыз суы, 18 860 жамылғыш, 7400 ұйқы үшін қапшық, 250 шатыр, 50 мың киім, 300 төсек орын, 896 генератор, 70 мың 660 гигиеналық комплект болғанын айтты.

Айрықша Мерсин портында «Бестекар» атты екінші кемеге жүк тиеу ісінің аяқталғанын айтқан министр кеменің Палестина халқымен ұйымшылдық күнінде Мысырға қарай жолға шыққанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар