Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанады

Ердоған «COP28» климаттық саммитіне қатысады.

2070735
Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанады

Президент Режеп Тайып Ердоған «COP28» климаттық саммитіне қатысу мақсатымен Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) аттанады.

Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасының мәлімдемесіне қарағанда, Ердоған Дубайде өтетін БҰҰ Климат Өзгерісі конвециясының 28-ші конференциясы (COP28) шеңберінде болатын Дүниежүзілік Климат іс-қимылдары саммитіне қатысу үшін 30 қараша- 1 желтоқсан күндері БАӘ-не барады.

Саммитте климат өзгерісімен күрес саясаттары сынды қоршаған орта проблемалары, энергия, азық-түлік, медицина тақырыптарында басшылар көзқарас алмасады.

Президент Ердоғанның саммиттің бірінші күні баяндама оқуы, жиналысқа қатысқан кейбір елдердің басшыларымен кездесуі жоспарланды.



Ұқсас жаңалықтар