«BBC» Түркияның Африкадағы ықпалына орын берді

«BBC»Түркияның сыртқы саясаты туралы талдау жаңалықтарын жариялады.

2070479
«BBC» Түркияның Африкадағы ықпалына орын берді

Ұлыбритания ақпарат агенттігі «BBC» Президент Режеп Тайып Ердоған және оның басшылығымен қалыптасқан Түркияның сыртқы саясаты туралы талдау жаңалықтарын жариялады.

«BBC» тілшісі Эстер Кахумби ұсынған хабарда Ердоған бастаған Түркияның Африкадағы ықпалы баса айтылды.

Хабарда Түркияның Африка елдеріне жаһандық алпауыт Ресей мен Қытайға қарағанда тіпті тартымды жұмсақ күш бала алатыны атап көрсетілді.

Хабарда «Түркия Мали, Чад, Судан, Гвинея, Буркина-Фасо, Нигер және Габондағы бірқатар төңкерістерден кейін Сахел аймағы елдеріндегі ықпалын  арттырды» делінді.

«BBC»-дің хабарында Түркияның 2005 жылды «Африка жылы» деп жариялауының маңыздылығына тоқталған журналист Кахумби бұл шешімнің бетбұрыс түйіні болғанын айттты.

Кахумби «Сол кезде Түркияның Африкада 12 елшілігі бар еді. Әуе жол байланысы жоқ еді. Алайда осы таңда Түркияның Африкада 44 елшілігі бар. Түрік Әуе жолдары 59 бағытта жұмыс істейді. 20 жылдан бері Анкара сауда қарым-қатынастарын, гуманитарлық көмектерін, білім беру және дипломатиялық байланыстарын көп кеңейтті» деді.

Хабарда Түркияның Африкадағы әскери қуаты да талқыланып, Африка елдерінің қарулы топтармен күресу үшін түрік шығарған ұшқышсыз әуе аппараттарды көбірек сатып алғаны баса айтылды.



Ұқсас жаңалықтар