Ердоғанның Алжир сапары үлкен жаңғырық жаратты

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Алжир сапары  баспасөзде  кеңінен орын алды.

2067514
Ердоғанның Алжир сапары үлкен жаңғырық жаратты

Алжир «APS»  ресми агенттігі тақырыпқа байланысты хабарында президент Ердоғанның сапарына назар аударып, «Алжир-Түркия: стратегиялық ынтымақтастығы өте күшті» деген тақырып қолданған.

Хабарда Ердоғанның кешегі Алжирге ресми сапары және президент Абдулмеджид Теббунмен кездесулерінің Алжир мен Түркияның екіжақты ынтымақтастыққа шынайы саяси ерік-жігерін растау үшін мүмкіндік болғаны және бұл сапардың «Жоғары деңгейдегі ынтымақтастық кеңесі» құрылымымен бірге өткені атап өтілді. Сапар арқылы екі ел арасында «Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі» деп өзгерту туралы шешім қабылданғаны айтылды.

«Әл-Хабар» газеті де Ердоғанның сапарын «Теббун – Ердоған саммиті» деп сипаттады. Газеттің бірінші бетінде «Алжир-Анкара осіне жаңа тыныс» деген тақырып орын алды.

Газеттің хабарларында Алжир-Анкара арасында қарым-қатынастың  келісімдер және түсіністік меморандумдарымен нығайтылып, екі ел арасындағы дипломатиялық координацияның орталығында Палестина мәселесі болғаны атап өтілді.

Елдегі «Africa News» газеті де президент Ердоғанның сапарын екі бөлек тақырыппен бірінші бетіне шығарды.

Күшті Түркия-Алжир қарым-қатынастарына баса назар аударған тақырыпшамен қоса, Ердоғанның Алжирді Палестина мәселесіне қатысты ұстанымы үшін бағалауы да басқа тақырыпта  орын алды.

 «Эс-Саяси» газеті де Ердоған-Теббун кездесуін басты тақырып етіп, екі лидердің Палестина мәселесіне қатысты ортақ көзқарастарына тоқталды.

Елде француз тілінде шығатын «Al-Moudjahid» газеті бұл сапарды бірінші бетінде жариялады. Газет сапарды  «Екі ел қарым-қатынасындағы динамизм мен жақындасу» деген тақырыппен жариялаған.



Ұқсас жаңалықтар