Нуман Куртулмуш Индонезияның астанасы Джакартада

Нуман Куртулмуш «Барлық адамдар жаратылуда бірдей»деді.

2067038
Нуман Куртулмуш Индонезияның астанасы Джакартада

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмуш MIKTA-ның (Мексика, Индонезия, Оңтүстік Корея, Түркия және Австралия ) 9-шы Парламент төрағалары жиналысына қатысу үшін Индонезияның астанасы Джакартаға барды.

Жиналыс аясында Индонезия президенті Джоко Видодоның парламент төрағаларының құрметіне берген қонақасына  Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Куртулмуш та қатысты.

Нуман Куртулмуш сапары барысында Юнус Эмре институтында түрік студенттерімен кездесті.

Әлемнің көптеген жерінде аймақтық қақтығыстар бар екенін еске салған Куртулмуш: «Біз әлемде өздерін бірінші деңгейде, ал басқа адамдарды екінші немесе үшінші деңгейде көретін елдер бар екенін көреміз. Палестина мен Израиль арасындағы бұл соғыстың негізгі себебі тек билік үшін күрес емес, бұл жай мәселе емес. Израильдіктер сол жерден палестиналық бауырларымызды қуып шығуын талап етуде. Сонымен бірге бұл олардың өздерін бірінші деңгейдегі адамдар, ал ондағы палестиналықтарды екінші және үшінші деңгейдегі адамдар деп санауынан туындайды» деді.

Нуман Куртулмуш «Барлық адамдар жаратылуда бірдей»деді.



Ұқсас жаңалықтар