Хакан Фидан Лондон және Парижге барады

Хакан Фидан Фидан Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак және Франция президенті Эммануэльмен кездеседі.

2066656
Хакан Фидан Лондон және Парижге барады

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан 11 қараша күні Эр-Риядта өткен Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) мен Араб Лигасының кезектен тыс бірлескен саммитінде Түркия басшылығында қабылданған шешім аясында құрылған байланыс тобымен кездесу үшін Лондон және Парижге барады. Кездесуде Газа секторындағы оқиғалар қолға алынады.

Хакан Фидан 22 қарашада Сауд Арабиясы, Иордания, Мысыр, Индонезия, Нигерия және Палестина сыртқы істер министрлері орын алатын және ИЫҰ Бас хатшысы ұйымдастыратын  бағдарламаға қатысады. Осы аяда Хакан Фидан Фидан Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак және Франция президенті Эммануэльмен кездеседі.

ИЫҰ және Араб Лигасы Ортақ саммитінде Түркияның тылпынысымен құрылған және Ресейде кездесулер өткізетін делегацияның кеше алғашқы аялдамасы Қытай болды.

Хамастың әскери қанаты Кассам бригадасы 7 қазан күні Израильге «Ақса тасқыны» деп аталатын жан-жақты шабуыл жасағанын хабарлаған еді.

Бұған тойтарыс  ретінде Израиль армиясы соғыс ұшақтарымен Газа секторына қарсы «Темір қылыштар» операциясын бастағанын хабарлаған болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар