Куртулмуш Израильдің Газаға жасаған шабуылдарын "геноцид" деп атады

ТҰҰМ төрағасы Куртулмуш Ресейдің Түркиядағы елшісі Алексей Ерховты қабылдады.

2064996
Куртулмуш Израильдің Газаға жасаған шабуылдарын "геноцид" деп атады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Нуман Куртулмуш Израильдің бүкіл адамзаттың көз алдында Газа секторына жасап отырған шабуылдарының қырғыннан асып, ашық түрде «геноцидке» айналғанын атап көрсетті.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Куртулмуш Ресейдің Түркиядағы елшісі Алексей Ерховты қабылдады.

Куртулмуш Мәжілістегі қабылдауында сөйлеген сөзінде Израильдің Газа секторына бағытталған адам құқықтарының бұзылуын қамтитын шабуылдар мен аймақтағы гуманитарлық дағдарыстарына назар аударып, АҚШ-тан бастап батыстық елдердің маңызды бөлігінің Израильді батылдандырғанын баса айтты.

Шабуылдардың қабылданбайтынын атап көрсеткен Куртулмуш бұл зұлымдықты жасаған қылмыскерлердің міндетті түрде халықаралық сот алдында жауапқа тартылатынына сенгенін білдірді.

Түркия мен Ресейдің көршілес екі ел ретінде көптеген салада мықты қарым-қатынастар орнатқанын мәлімдеген Куртулмуш аймақтағы қақтығыстардың жақын ынтымақтастықты қажет еткеніне назар аударды.

Куртулмуш аймақтық емес актерлер және мемлекеттердің мәселелерге араласуының қақтығыстарды одан әрі асқындырғаны тақырыбында Ресеймен бірдей көзқараста болғандарын атап, қиыншылықтардың барлығын шешудің ең жақсы жолының аймақтық мемлекеттердің өзара келіссөздері екенін тілге тиек етті.

Ресей парламентінің екі палатасын да аралағысы келгенін білдірген Куртулмуш парламент мүшелері арасындағы қарым-қатынасты жақсартудың Түркия-Ресей қарым-қатынастарын жоғары деңгейге жеткізуде ортақ мүддеге айналдыратынын атап көрсетті.

Ресейдің Түркиядағы елшісі Ерхов болса, Түркия-Ресей қарым-қатынастарының дамуына ризалығын білдірді. Өкілетті елші Палестина тақырыбында да Түркиямен бірдей көзқараста екендерін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар