Джевдет Йылмаз Никосияға барды

Вице-президент Джевдет Йылмаз СКТР Президенті Эрсин Татармен кездесті.

2065016
Джевдет Йылмаз Никосияға барды

Вице-президент Джевдет Йылмаз Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) мойындалып, халықаралық қоғамдастықта лайықты орнына жетуі ең үлкен тілегі екенін білдірді.

СКТР-ның 40 жылдығына және 15 қараша Республика күні салтанатына қатысу үшін Никосияға барған Йылмаз СКТР Президенті Эрсин Татармен президенттік кеңсесінде кездесті.

Йылмаз жеке кездесуден бұрын жасаған мәлімдемесінде Кипр түрік халқының СКТР-ның 40-жылдығына байланысты Кипр түрік халқының   республикаға деген құлшынысын шын жүректен қолдайтынын және Кипр мәселесін ұлттық мәселе ретінде қарастыратынын айтты.

Вице-президент Йылмаз  СКТР Президенті Эрсин Татар ұсынған егемендік теңдік пен тең халықаралық мәртебеге ие екі мемлекеттің көзқарасын қатты қолдайтындарын білдірді.

Сапар барысында сөз сөйлеген СКТР президенті Эрсин Татар СКТР-ның  екі мемлекетті шешім көзқарасымен жолын жалғастырғанын түсіндіріп, Кипр түрік халқының тең егемендігі мен тең халықаралық мәртебесін қабылдаудың шешім үшін маңызды екеніне назар аударды.

Артынша Республикалық Мәжілісіне барған Джевдет Йылмаз Құрмет залында Мәжіліс төрағасы Төремен кездесті.

Йылмаз Республикалық Мәжілісінен кейін Солтүстік Кипр елі премьер-министрі Үнал Үстелмен кездесті.

 



Ұқсас жаңалықтар