Нуман Куртулмуш Андреас Норленмен кездесті

Нуман Куртулмуш Швеция Парламентінің төрағасы Андреас Норленмен бейнеконференция жүйесі арқылы кездесті.

2064592
Нуман Куртулмуш Андреас Норленмен кездесті

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Нуман Куртулмуш Швеция Парламентінің төрағасы Андреас Норленмен бейнеконференция жүйесі арқылы кездесті.

Швецияның НАТО мүшелігіне байланысты процесті басынан бері қадағалап келе жатқанын түсіндірген Куртулмуш бұл процесті тезірек аяқтауды күткендерін айтты.

Швецияның НАТО мүшелігіне байланысты президенттік меморандумға дереу қол қойып, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Сыртқы істер комитетіне жібергенін білдірген Куртулмуш осы тақырыпта дайындалған заң жобасының осы аптада комиссияда талқыланатынын білдірді.

Куртулмуш бұл ұсыныстың комиссия тарапынан қабылданатын болса Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Жалпы Кеңесінде талқыланатынын және соңғы шешімнің депутаттардың ерікті түрде шығарылатынын баяндады.

Террор ұйымдарымен, әсіресе PYD/YPG және ФЕТО-мен күресте бірге әрекет ету керектігін түсіндірген  Куртулмуш Финляндиямен қатар Швецияның да террор ұйымдарына жол бермеуін күтетіндерін білдірді.

Түркия-Еуропа Одағы қарым-қатынастары да талқыланған кездесуде Куртулмуш Түркияның Еуроодаққа мүшелік процесінде Швециядан қолдау күткендерін түсіндірді.

Израильдің Газа секторы мен Палестина қалаларына жасаған шабуылдары талқыланған кездесуде Куртулмуш халықаралық қауымдастықтың Газа үшін дауысын көтеруі керектігіне назар аударып, Газада шұғыл атысты тоқтату және гуманитарлық көмек дәлізінің құрылуы керектігін баса айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар