Швецияның НАТО-ға мүшелігі ТҰҰМ-де талқыланады

ТҰҰМ Сыртқы істер комитеті 16 қараша күнгі отырысында Швецияның НАТО-ға мүшелігін дауысқа салады.

2064301
Швецияның НАТО-ға мүшелігі ТҰҰМ-де талқыланады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) Сыртқы істер комиссиясы Швецияның НАТО мүшелігін бекітуге байланысты өткен айда комиссияға жіберілген заңды осы аптада талқылауды бастайды.

ТҰҰМ Сыртқы істер комитеті 16 қараша күнгі отырысында «Швеция Корольдігінің Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымы Кеңесіне (НАТО) мүшелігі туралы хаттаманы бекітуінің қабылданғаны туралы заң ұсынысын» күн тәртібіне енгізді.

Швецияның НАТО-ға қосылу хаттамасының бекітілуіне қатысты ұсыныс өткен айда Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Сыртқы істер комитетіне жіберілген еді.

Заң жобасы комиссияда қабылданған жағдайда, ТҰҰМ-нің Жалпы кеңесінде дауысқа салынады. Жалпы кеңестен өткен заң жобасы президент Тайып Ердоғанның бекітуінің артынан күшіне енеді.

Швеция ТҰҰМ Сыртқы істер комитетінің Швецияның НАТО-ға мүшелігін бекітуге қатысты заң бойынша талқылауды бастау туралы шешімін құптады.

Швеция Сыртқы істер министрі Тобиас Биллстром «Біз бұл шешімді құптаймыз. Швеция НАТО-ға мүше болуды асыға күтуде» деді.



Ұқсас жаңалықтар