«Палестина үшін бір жүрек» тақырыбында саммит өтеді

Эмине Ердоған «Палестина үшін бір жүрек» тақырыбындағы саммитті ұйымдастырады.

2064283
«Палестина үшін бір жүрек» тақырыбында саммит өтеді

Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Эмине Ердоған ертең Стамбулда көптеген мемлекет және үкімет басшыларының жұбайлары мен арнайы өкілдер қатысатын «Палестина үшін бір жүрек» тақырыбындағы саммитті ұйымдастырады.  

Президент Ердоған сияқты жұбайы Эмине Ердоғанның да күн тәртібінде Газада қаза тапқан  жазықсыз балалар мен аналар бар.

Израильдің 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында балалар мен әйелдерді қосқанда 11 мыңнан астам адамның қаза болуы Эмине Ердоған бастамасымен көшбасшылардың жұбайларын жұмылдырды. Эмине Ердоғанның бастамасымен көшбасшылардың жұбайлары Стамбулда бас қосады және бұл жерден жазықсыз Газа халқының үні әлемге жеткізіледі.

Газадағы жазықсыз бейбіт тұрғындардың қазасын азайту және аймаққа бейбітшілік орнату үшін жасалуы мүмкін іс-шараларға әрқашан дайын екенін әр ақпарат құралдарында жариялаған Эмине Ердоған бұл жолы әлемнің көптеген мемлекет және үкімет басшыларының жұбайлары мен арнайы өкілдері қатысатын Стамбулдағы жиналысты ұйымдастырады.

Эмине Ердоғанның жиналыстағы беташар сөзінен кейін әрбір қатысушы көшбасшының жұбайы да сөз сөйлейді.

Эмине Ердоғанның қамқорлығымен ертең  Долмабахче кеңсесінде өтетін жиынға  көптеген  мемлекет және үкімет басшыларының жұбайлары мен арнайы өкілдері қатысады.



Ұқсас жаңалықтар