Хакан Фидан Австралия Сыртқы істер министрімен сөйлесті

Хакан Фидан Газадағы соңғы жағдайға байланысты Австралия Сыртқы істер министрі Пенни Вонгпен телефон арқылы сөйлесті.

2064391
Хакан Фидан Австралия Сыртқы істер министрімен сөйлесті

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Газадағы соңғы жағдайға байланысты Австралия Сыртқы істер министрі Пенни Вонгпен телефон арқылы сөйлесті.

Дипломатиялық көздерден алынған мәліметке қарағанда министр Хакан Фидан Австралия Сыртқы істер министрі Пенни Вонгпен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімеде екі министр палестиналық бейбіт тұрғындарға қарсы шабуылдар көбейіп, шиеленіс күшейген Газадағы соңғы жағдай туралы пікір алмасты.

Сыртқы істер министрі Фидан Газада тез арада  атысты тоқтатудың және гуманитарлық көмектің үзіліссіз жеткізілуін қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды.

Қақтығыстардың аймаққа таралу қаупіне тоқталған Фидан Израильдің Газаны толығымен нысанаға алуы және ауруханалар мен мектептерді бомбалауының халықаралық құқықты өрескел бұзу екеніне назар аударды.

Министр Фидан сонымен қатар Вонгқа Газадағы адамдық трагедияны тоқтату үшін халықаралық қауымдастықтың Израильге дұрыс хабарламалар жеткізуінің маңыздылығын еске салды.



Ұқсас жаңалықтар